Қос өркешті құтқарушы: түйе қарға батқан көлікті сүйреп шығарды

15:28, 19 ақпан 2019

Ресейде қос өркешті түйе қалың қарға батып қалған автокөлікті тартып шығарды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Ресейдегі өңірлердің бірінде осындай қызық жайт болған екен. Қар құрсауында қалған "Ниваға" күтпеген жерден түйе келіп көмектеседі,

Қардан қалай шығарын білмей әбден басы қатқан жүргізушіге қос өркештінің иесі осылайша жәрдемдеспек болған.

Көлікті арқанмен сүйреген жануар алып күш иесі екенін дәлелдеп, көлікті қар құрсауынан алып шықты.

Негізінде бұл түйе жергілікті саябақтардың бірінде балаларды тасиды екен.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!