Коронавирус 16 адам анықталған Үрімшіде әскери режим енгізілді

13:20, 19 шілде 2020

Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы Үрімші қаласында коронавирустың төбе көрсетуіне байланысты бұл өңірде әскери режим енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

17 шілдеде өңірде жаңа инфекцияның 16 жағдайы анықталғаннан кейін шұғыл төтенше әрекетке көшу басталды. Үрімшіде адамдарға бір жерге көп жиналуға уақытша тыйым салынды, деп жазады Reuters.

Жергілікті тұрғындарға қаладан тыс жерге сапарламауға кеңес берілді, ал сыртқа шығуға мәжбүр адамдардың барлығына тест тапсыру міндеттелді. Дәрігерлер қаланың барлық тұрғындарын тегін тесттен өткізбекші.

Соңғы жұқтыру оқиғаларының барлығы Тяньшань аймағында анықталды. Оны осы өңірде өткізілген бірнеше бұқаралық шаралармен байланыстыруда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!