Израильдің шабуылынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты

12:27, 11 қазан 2024

© Сурет: pixabay

Ал, Ливанда Израильдің шабуылдарынан қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты.

Ал жараланғандар мыңнан асып кеткен. Мұны осы елдің төтенше жағдайлар комитетінің үйлестірушісі Насер Ясин мәлімдеді.

Израиль Ливанның оңтүстігіндегі "Хезболла" қарулы тобының позицияларын қыркүйектің 23-де бомбалауға кірісіп, кейін көрші елге жаяу әскер кіргізді.

Бұл операцияның мақсаты — еврей мемлекетінің солтүстігіне былтыр қазаннан бері мыңдаған зымыран атқан "Хезболланы" күйрету.

Айта кетсек, "Хезболла" Израильмен соғысып жатқан "Хамасқа" көмектесу мақсатында қазір де Израильге ракеталық шабуыл жасап жатыр.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!