Израиль тұрғындары шеруге шығып, Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті

14:40, 22 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Израиль тұрғындары шеруге шығып, үкіметтен Газадағы соғысты тоқтатып, "Хамастың" кепілдігіндегі адамдарды босатуды талап етті.

Қарсылық акциясы ел астанасы Тель-Авивте өтті. Оған қатысушылар беттеріне, денелеріне қызыл бояу жағып, тұтқындағылардың азабын көрсетуге тырысқан.

Демонстранттардың арасында бұрынғы сарбаздар да бар. 2023 жылы қазанның 7-де "хамастықтар" Израильдің оңтүстігінде 250-дей адамды кепілдікке алып, Газаға әкетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Солардың 59-ы әлі күнге дейін қайтарылмаған.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!