Испания жағалау қызметі 450 босқынды құтқарды

09:18, 19 маусым 2017

Испания жағалауында соңғы бірнеше тәулікте 450 мигрант құтқарылды.

Олар Африка елдерінен Еуропаға жетпек болған. Өкінішке қарай, ағаш қайықтың бірінен 5 босқынның жансыз денесі табылды. Дәрігерлердің пайымдауынша, марқұмдардың көз жұмғанына бірнеше күн өткен. Айта кеткен жөн, биыл Жерорта теңізі арқылы Еуропа елдеріне 77 мыңдай мигрант келіпті. Дені Италияға, Грекия мен Испанияға табан тіреген. Тағы 1 мың 800-ге жуығы діттеген жеріне жете алмай, жарты жолда жан тапсырған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!