Испания тұрғындары туризм саласындағы олқылықтарды айтып, наразылық білдірді
© Сурет: pixabay
Жуырда мыңдаған испандық Канар аралдарында, Барселона, Валенсия және Мадрид қалаларында туризмге қарсы наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Daily Mail басылымының жазуынша, Тенерифе, Лансароте және Фуэртевентура аралдарында жергілікті тұрғындар "Канар аралдары сатылмайды" және "Канар аралдарының шегі бар" деген ұрандар айтты. Олар туризм саласын тұрғын үй бағасының өсуіне, жалға берілетін пәтерлердің тапшылығына, табиғаттың ластануына және инфрақұрылымның адамдар ағынына төтеп бере алмауына айыптап отыр.
Thousands marched in the Canary Islands to demand action against mass tourism, as Spain forecasts another record year for visitors. pic.twitter.com/5lU5usqTDJ
— DW News (@dwnews) May 20, 2025
Наразылар билік олардың талаптарын елемей отырғанын айтып, өткен жылы да көшеге шыққандарын еске салды. Испандықтар ел басшылығынан бос сөз емес, нақты әрекет күтеді. Сонымен қатар, Ұлыбритания тұрғындары Канар аралдарына турларды аз брондап жатқандықтан, туроператорлар алаңдаушылық білдіріп отыр. Жергілікті билік тұрғындар мен туризм саласының мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтау керектігін талқылауға дайын екендерін айтты.
Ресми мәлімет бойынша, өткен жылы 10 айда Канар аралдарын 2,2 миллион халқы бар аймаққа шамамен 10 миллион турист келген. Сарапшылар наразылықтар Еуропаның басқа елдеріне де таралуы мүмкін деп есептейді.
Бұған дейін Литва билігінің Беларуське қарсы БҰҰ-ның сотына шағым түсіргендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





