Иранда 5,6 балдық жер сілкінісі болды

09:21, 23 шілде 2018

Иранның батысындаға Керманшах провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы деректерге сәйкес, қаза тапқандар жоқ. Бірақ 280 адам зардап шеккен. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүмпуден 100-ден аса нысан қирап, тағы 100 шақты ғимарат пен тұрғын үй зақымданды. Қазір апат болған жерде құтқару және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кету керек, бұл – бір тәулік ішінде болған үшінші сейсмологиялық жағдай.

 

 

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!