Футболдың ережесі өзгерді
Футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі (IFAB) футбол ойынының ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Өзгерістер 2019 жылдың жазында күшіне енеді.
Бірінші өзгеріс қолмен ойнауға қатысты. Егер гол соққан футболшының байқаусызда болса да қолы допқа тисе – бұл сөзсіз ереже бұзу болып саналады.
Екіншіден, ауысқан ойыншы ең жақын тұрған алаң жиегінен шығып кетуге міндетті болады. Қазір футболшылар қосалқы құрам отырған жақтағы алаң жиегінен шығуда.
Үшіншіден, шабуылдағы команда айып добын орындаған кезде оның ойыншыларына қорғаныстағы команданың "қабырғасында" тұруға болмайды. Бірақ олар өз "қабырғасын" тұрғыза алады.
Төртінші өзгеріс пенальти орындауға қатысты. Енді қақпашы қақпа сызығын екі аяғымен емес, бір аяғымен басып тұрса да болады.
Сондай-ақ, сары қағаздар мен қызыл қағаздар бапкерлерге де көрсетіледі, ал доп төрешіге тиген жағдайда ойын тоқтатылып, допқа талас белгіленеді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





