Францияда ұшатын беймәлім нысан жұрттың есін шығарды

16:09, 14 қараша 2021

© Сурет: видеодан алынды

Францияда аспандағы жұмбақ құбылысты кем дегенде жеті қала тұрғындары байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Францияда жарқыраған жұмбақ нысанның куәсі болғандар оны ұшатын "тәрелке" болуы ықтимал десті.

Тылсым оқиға 9 қараша күні кешкі уақытта болған. Аспандағы жұмбақ құбылысты кем дегенде жеті қала тұрғындары байқаған. Жарияланған видеода шалт қимыл жасап, өте жоғары жылдамдықпен қозғалатын жарқыраған нысанды көруге болады.

Нысан Жерорта теңізінің жағалауымен жылжып отырған деген болжам бар. Шетелдік басылым атап өткендей, француздар "нақты не көрдіңдер" деген сұраққа жауап бере алмаған. Метеорологиялық қызмет те бұл құбылысты түсіндіре алмады. Twitter қолданушыларының айтуынша, бұл нысан ұшқыссыз ұшақ болуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!