Енді инстаграм арқылы ақша төлеуге болады

14:30, 5 мамыр 2018

Instagram әзірлеушілері қосымшаға кіріктірілген төлем функциясын іске қосты, деп жазды TechCrunch басылымы. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жаңа опция АҚШ-тың кейбір қолданушысына қолжетімді.

Төлем функциясының жұмыс істеу механизмі өте қарапайым: профильге банк картасын бекітіп, сол арқылы сатушының ресми сайтына өтпей-ақ тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеуге болады.

Компанияның баспасөз қызметінен мәлімдегендей, жаңа функция бірнеше мейрамхана мен салондарда сынақтан өтіп жатыр. Бұл опция арқылы тіпті киноға билет сатып алуға да болады. Қазір жаңа төлем әдісінің қолданыс аясы шектеулі, дегенмен компания болашақта оны көпшілікке қолжетімді етуді көздеп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!