Екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алынды
© Сурет: pixabay
Ресейде екі жастағы қыз қатты жөтелген соң ауруханаға жеткізілген. Алайда рентген тексеруі оның асқазанында 250-ден астам магнит шарик бар екенін көрсетті. Магниттер ішекке зақым келтіруі мүмкін болғандықтан, дәрігерлер шұғыл ота жасауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәскеудегі Морозов балалар ауруханасының хирургтері көптеген магнит шарикті жұтып қойған екі жастағы қыздың өмірін сақтап қалды.
Мәскеу қаласының Денсаулық сақтау департаменті хабарлағандай, ата-анасы баланы қатты жөтелгендіктен ауруханаға жеткізген. Алайда тексеру барысында күтпеген әрі қауіпті жағдай анықталды: қыздың асқазанында көптеген металл зат жиналып қалған.
Магниттердің ішекке зақым келтірмегеніне көз жеткізу үшін дәрігерлер алдымен лапароскопия жасады.
"Іштің алдыңғы қабырғасындағы шағын тіліктер арқылы гастроэнтерологтер камера енгізіп, ішкі ағзаларды тексерді. Баланың ішегі зақымданбағаны анықталды", – делінген хабарламада.
Осыдан кейін дәрігерлер асқазандағы магнит шариктерді алуға кірісті.
Ашық ота жасаудың орнына хирургтер эндоскопиялық жабдықты қолданды. Арнайы құралдарды өңеш арқылы енгізіп, осылайша бөгде заттардың барлығын алып шықты.
Бұған дейін Оралда баланың бір келіге жуық шаш жеп қойғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 11 қазан 2026
«Яндекс» сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті
-
15:46, 11 қазан 2026
АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйел сот үкімі орындалғанымен, бәрібір аман қалды
-
15:46, 11 қазан 2026
Америкада өлім жазасына кесілген сотталушыға екпе салынғанымен, оның жүрегі соғуын тоқтатпады
-
13:55, 11 қазан 2026
Эр-Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300-ден аса адам жараланды
-
12:51, 11 қазан 2026
Гонконгта маймыл шешегі өршіп барады





