Екі адам наубайханадан сатып алынған құрамына сынап қосылған бәліштерден уланды
© Сурет: pixabay
Оқыс оқиға Мәскеуде болды. 11 ақпанда екі адам "Мельница" наубайханасынан бәліштер сатып алды. Кейінірек олардың құрамынан сынап шарлары табылған. Зардап шеккендердің айтуынша, улы бәліштің дәмі де біртүрлі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Наубайханада болған оқиғадан кейін эпидемиологиялық тергеу жүргізілді – онда өрескел бұзушылықтар анықталды, ал Тергеу комитеті тексеруді бастады.
Қазірге екі ер адамның метродағы наубайханадан сатып алынған өнімдерді жегеннен кейін көмек сұрағаны белгілі. Олар бәлішті тістегеннен кейін салмасынан сынап тәрізді шарларды тапқан. Бұдан кейін олар "жедел жәрдем" шақырған, дәрігерлер оларды шұғыл түрде Н.В. Склифосовский атындағы БК ҒЗИ-ға жеткізді.
"Оларға дереу детоксикация терапиясы жүргізілді, ішекті шаю-асқазан-ішек жолдарын толық шаю жұмыстары. Науқастардың жағдайы тұрақты",-деді анестезиолог-реаниматолог, токсиколог Дмитрий Соколов.
Зардап шеккендердің бірінің анасы Известияға ұлының досымен бірге жұмыстан кейін кафеде кешкі асқа барғанын, содан кейін ауруханаға түскенін айтты. Қазір науқас дәрігерлердің бақылауымен реанимацияда. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Сынап бар деп болжанған бәліштер Симферополь бульварындағы наубайханада сатылды. Қазір ол жер эпидемиологиялық тергеу жүргізу үшін жабық және мөрленген. Бұл туралы Мәскеудегі Роспотребнадзор басқармасы айтты.
Бұған дейін Таиландта итті суға лақтырған туристің түрмеге қамалғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:13, 29 сәуір 2026
Бурятиядағы шахтада болған қайғылы оқиға: қаза тапқандар арасында қазақстандық бар
-
17:44, 28 сәуір 2026
Францияда ұрланған 300 млн теңгеге жуық қазына Мәскеуден табылды
-
18:39, 27 сәуір 2026
Күнде екі қуатты магниттік жарқыл тіркеліп, оның әсері Жерге жетті
-
12:59, 27 сәуір 2026
Қырғызстанда оқу жылының басталуы 15 қыркүйекке шегерілді
-
11:23, 26 сәуір 2026
Вашингтондағы атыс: Трамп мәлімдеме жасады





