Әйел өз баласын 5 мың долларға сатпақ болды

12:30, 14 қазан 2021

© Сурет: pexels.com

Өзбекстанда бір әйел өз баласын бес мың долларға (2 млн теңгеден астам) сатуға тырысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Central Asia (UZ) мәліметтері бойынша нәресте 8 қазанда дүниеге келген. Баласын сатпақ болған әйел Қашқадария облысының тумасы.

Жас ана кездесу белігеленген орында ақша алу кезінде ұсталды. Жаңа туған нәресте балалар үйіне тапсырылды, - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!