Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

09:47, 24 қаңтар 2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Қытайдан коронавирустың шығуына байланысты төтенше жағдай жариялауға әлі ерте деп санайды. Бұл туралы ДДҰ өкілі айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Төтенше жағдайлар комитеті төтенше жағдай жариялауға әлі ерте деп санайды (коронавирустың шығуына байланысты), - дейді ұйым қызметкері.

Өз кезегінде ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс ұйым жаңа коронавирустың қауіптілік дәрежесін бағалауды өз бақылауында ұстап отырғанын, бірақ ДДСҰ-ға осы мәселе бойынша «көбірек ақпарат» қажет екенін айтты. Желтоқсанның аяғында Қытай билігі Уханьде белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлады.

Алғашқы жағдайлар теңіз өнімдеріне жақын адамдардан анықталды. Сарапшылар аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі - 2019-nCoV екенін анықтаған. ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайдың әртүрлі провинцияларында бұл дертке шалдыққандар саны 600 адамнан асты, 18-і одан көз жұмған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!