ДДҰ: Еуропа ең жылдам қызып жатқан құрлыққа айналды
© Фото: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Еуропа Жер шарындағы ең жылдам жылынатын құрлыққа айналғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұнда ауа температурасы әлемдік орташа көрсеткішпен салыстырғанда шамамен екі есе жылдам өсіп жатыр.
ДДҰ басшысының мәліметінше, бүгінде Еуропада шамамен 150 миллион адам аптап ыстықтың зардабын тартып отыр. Бұл жағдай денсаулық сақтау, энергетика және білім беру жүйелеріне айтарлықтай салмақ түсірген.
Кейбір елдерде электр желілерінің жұмысы үзіліп, мектептер уақытша жабылып, медициналық мекемелерге жүктеме күрт артқан.
Тедрос Адханом Гебрейесус климаттың өзгеруіне байланысты бұрын сирек кездесетін аптап ыстықтың енді жыл сайын қайталанатын құбылысқа айналғанын атап өтті. Оның сөзінше, 21 маусымнан бері Еуропада жоғары температура салдарынан 1300-ден астам адам көз жұмған.
"Аптап ыстықтан болатын күйзелісті көбіне "үнсіз өлтіруші" деп атайды. Себебі Еуропадағы тұрғын үйлер, жұмыс орындары мен мектептердің көпшілігі мұндай жоғары температураға бейімделіп салынбаған", – деді ДДҰ басшысы.
Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мүше мемлекеттермен және халықаралық серіктестерімен бірлесіп, экстремалды ыстықтың салдарын азайту бағытындағы шараларды күшейтіп жатқанын айтты.
"Біз Еуропа елдерін климаттың өзгеруі жағдайында халықтың денсаулығын қорғау стратегиясының бір бөлігі ретінде аптап ыстыққа қарсы ұлттық іс-қимыл жоспарларын әзірлеп, енгізуге шақырамыз", – деді Тедрос Адханом Гебрейесус.
Айта кетейік, бұған дейін мамандар аптап ыстықтың кейбір дәрі-дәрмектердің қасиетін өзгертіп, олардың адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескерткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:53, 2 шілде 2026
Белгілі әншінің құрметіне Барби қуыршағы шығарылды
-
21:44, 1 шілде 2026
«Бригада» мен «Бумер» фильмдерінде ойнаған актердің денесі өзеннен табылды
-
16:59, 1 шілде 2026
Бірегей ғарыш обсерваториясы Жерге құлауы мүмкін: оны құтқару үшін бұрын-соңды болмаған операция басталады
-
11:41, 1 шілде 2026
Венесуэлада үш жасар бүлдіршін алты күннен кейін үйінді астынан тірі табылды
-
11:02, 1 шілде 2026
Күншығыс елінде ер адам азулы жыртқыштың құрбанына айналды





