Чехияда туристер алтынға толы жәшік тауып алған
© Фото: пресс-служба Национального банка РК
Чехияның солтүстік-шығысындағы таулы аймақтан туристер алтынға толы жәшік тапты.
CNN-нің ақпаратынша, Крконошах орманында жаяу келе жатқан екі турист жартастан бұрышы шығып тұрған қорапты көздері шалған.
Ішінен 10 алтын білезік, 17 шылымқап, шағын қорап пен тарақ және 598 дана алтын монета шыққан, деп жазады qazaqstan.tv.
Құны 100 мыңдаған доллар болатын олжа Градец-Кралов қаласындағы музейге табысталды.
Ал Францияда Мишель Дюпон есімді фермер меншігіндегі жерден 150 тонна алтын тапқан. Оның құны шамамен 4 млрд доллар. Бірақ, фермердің қуанышы көпке созылмаған.
Францияның заңы бойынша кез келген жерден табылған пайдалы қазба мемлекеттің меншігі болып есептеледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





