БҰҰ әйелдер құқығын барынша қорғауға шақырды

22:00, 20 наурыз 2017

Әрі қарай «Шартарап» айдары. Әріптесіміз Индира Жылқайдарова жаһан жаңалықтарымен таныстырады.

Индира Жылқайдарова, тілші: 

-Жерорта теңізінде 3 мыңнан астам мигрант құтқарылды. Олар Сицилия бұғазы арқылы Еуропаға жеткісі келген. Құтқару операциясына Италияның жағалау қызметі, халықаралық үкіметтік емес ұйым өкілдері мен Еуродақтың көші-қон миссиясы қатысты. Барлығы 22 рейс жасалған. Италия ІІМ мәліметінше, өткен жылы 180 мың заңсыз мигрант келген. Ал Еуродақ елдеріне жыл басынан бері 16 мың босқын келген. 

Нәзік жандыларды ешкім кемсітпеуі керек. БҰҰ-ның әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 61-ші сессиясында осындай пікір айтылды. Сессияға Қазақстанның ресми делегациясы да қатысты. Әйелдердің еңбекақысы тең төленіп, мүмкіндігіне қарай белсенді түрде қызметке тартылғаны жөн деген пікірлер де ойталқыға салынған. Қазақстан комиссиясы 2014 жылы енгізілген, 2018-де жұмысын аяқтайды. Ал біздің елде халықтың 52 пайызы – әйелдер. Олардың басым бөлігі экономикалық жағынан белсенді саналады. 

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:  

 -Комиссия технологиялық жаңғырту кейбір кәсіп түрлерін мүлдем жойып жіберуі мүмкін. Бұл жұмыссыздыққа әкеледі. «Сондықтан осыны қаперге алуымыз керек», – деді сессияға қатысушылар. Келтірілген деректерге бойынша, ер азаматтарға қарағанда әйелдер жұмыс орындарынан тез айырылады. Бізде бұл мәселе басты назарда. Теңсіздікке жол берілмейді. Азаматшалардың құқығы барынша қорғалады. 

Бүгін – дүниежүзілік бақыт күні. Мерекені осыдан 5 жыл бұрын БҰҰ бекіткен болатын. Осыған орай БАӘ бақыт жөніндегі әлемдік кеңес құрды. Кеңес жылына екі рет жиналыс өткізетін болады. Оған БҰҰ әкімшілік қолдау көрсетпек. Әлемдік кеңесті америкалық экономист, Колумбия университетінің профессоры Джеффри Сакс басқарады. Мекеме жыл сайын Дубайда өтетін үкіметтік саммитте есеп беріп тұрады. Ұйымдастырушылар қарбаласы көп заманда бақытты болудың жаңа амалдарын қарастыруы қажет.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!