БҰҰ бас ассамблеясының 72-ші жалпы саяси пікірталасы басталды

20:55, 20 қыркүйек 2017

Нью-Йоркте Біпіккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясының 72-ші жалпы саяси пікірталасы басталды. Мемлекет және үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері мен халықаралық ұйым басшылары «жер бетінде бейбітшілік пен тыныш өмір орнату» тақырыбын талқылап жатыр.

Жиынға біздің елдің делегаттарын Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастап барды. БҰҰ бас ассамблеясының мінберінен алғаш рет сөз сөйлеген Франция президенті Эммануэль Макрон Астана процесінің тиімділігіне жеке тоқталды. Ол Қазақстандағы келіссөздер Сирия аумағында қауіпсіз аймақтар құруға мүмкіндік бергендігін ерекше атап өтті. Бас Ассамблея төрағасы Мирослав Лайчак та Қайрат Әбдірахмановпен кездесуінде дәл осындай пікірде екенін жеткізді. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!