Бриджит Макрон туралы интернетте алып-қашпа сөз таратқан 10 адам сотқа тартылмақ
© Сурет: Instagram/elysee
Францияның бірінші ханымына қатысты кибербуллинг ісі бойынша Парижде 10 адам, онда да сегіз ер адам және екі әйел сотқа тартылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оларға интернетте Брижит Макронның жынысы мен сексуальдық сипатына қатысты "қаскүнемдік пікірлер" таратты және президент пен оның арасындағы жас айырмашылығын "педофилия" деп көрсетті деген айыптар тағылады, деп жазады ABC. Сот отырысы 2025 жылдың 27 қазанында басталады деп жоспарланған.
Прокуратураның мәліметінше, айыпталушылар арасында педагог, информатика маманы, жарнама менеджері және өзін медиум ретінде таныстырған әйел де бар. Олардың жасы 41-тен бастап 60 жас аралығын қамтиды. Ал желідегі жарияланымдары ондаған мың қаралым жинаған.
Макрондар бірнеше жылдар бойы қастандық теориясының, біздіңше, алып-қашпа сөздердің құрбаны болып, зардап шегіп келеді. Оған сәйкес, Брижиттің шыр етіп дүниеге келгендегі есімі Жан-Мишель Тронье көрінеді. Кейіннен трансгендер әйел болғанда Брижит атын иеленіпті-мыс. Негізінен, Жан-Мишель Тронье - Брижиттің ағасының есімі.
Бұған дейін, 2024 жылы Брижит Макрон мен оның ағасы екі әйелге қарсы осындай жала жабу ісі бойынша өткен сотта жеңіске жеткен. Бірақ апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған. Енді олар Францияның Жоғарғы сот органына шағымдануда.
47 жастағы Эммануэль Макрон 2017 жылдан бері Франция президенті болып келеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 22 ақпан 2026
АҚШ елшісінің Израиль туралы айтқаны халықаралық резонанс тудырды
-
11:50, 22 ақпан 2026
Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
-
10:57, 22 ақпан 2026
Трамп барлық елден келетін импорт тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін өсірді
-
10:52, 21 ақпан 2026
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың ауқымды баж салығын заңсыз деп таныды
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді





