Бішкек маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқандар саны көбеюде

10:47, 16 қаңтар 2017

«Манас» әуежайы маңындағы әуе апаты нәтижесінде 4 ұшқышпен бірге 32 адам мерт болды. Бұл туралы Қырғызстан Денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиев хабарлады. 

Оның айтуынша, оқыс оқиға салдарынан тағы 8 адам, оның ішінде балалар зардап шеккен. Қазіргі уақытта олар ауруханаға жеткізілді. 

Қырғызстанда бірінші вице-министр Мухамметкалы Абулгазиевтің басшылығымен штаб құрылды. Оқиға орнында Көлік министрі, ТЖМ, Денсаулық сақтау министрі хабарлайды.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!