Байден Ресей мен Қытай тәліптермен келіссөзге келуі мүмкін деген күдік келтірді

10:44, 8 қыркүйек 2021

© Сурет: pixabay.com

АҚШ президенті Джо Байден Ресей, Иран, Қытай мен Пәкістан "Талибан" радикалды қозғалысымен (Қазақстан аумағында тыйым салынған) келісімге келуге тырысуы мүмкін деген күдігін жария етті, деп хабарлайды zakon.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Америка президенті "Қытайдың Талибанды қаржыландыруы мүмкіндігінің қаупі бар ма" деген сұраққа жауап бере отырып, Қытайдың "Талибанмен арада өте күрделі проблемалары барын" айтты.

Пәкістан, Ресей, Иран сияқты олар да тәліптермен кейбір келісімдерді түзуге тырысады. Қазір олардың барлығы не істеу керектігін ойланып, соны ұғуға тырысуда, - деп мойындады Байден.

Ол "алда не болатындығы өзін де қызықтырып отырғанын" айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!