Байден: «АҚШ Тайванды қорғауға міндетті»

17:18, 22 қазан 2021

© Сурет: twitter/WhiteHouse

АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдеуінше, Тайвань Қытайдың шабуылына ұшыраған жағдайда Вашингтон арал мемлекетті қорғайды.

Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.

CNN телеарнасының Балтиморда ұйымдастырған кездесуде Байденге: "Қытай Тайванға шабуылдаса, АҚШ не істейді?" деген сауал қойылды.

"АҚШ Тайванды қорғауға міндетті", - деп жауап берді Байден.

Соңғы бірнеше аптада Пекин ондаған әскери ұшақты Тайванның әуе қорғанысы анықтай алатын аймағына ұшырды. Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай мен Тайвань "түбінде қосылады" деп мәлімдеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!