Атақты актриса бір суретімен Instagram-ды «сындырып» тастады

11:26, 16 қазан 2019
1009

Америкалық актриса Дженнифер Энистон Instagram желісінде парақшасын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

 

- Ал енді біз де "Достармыз", тек инстаграмда. Сәлем, - деп жазды ол ең бірінші рет желіде. Бұл жаңалық Энистонның жанкүйерлерін таң қалдырды. Өйткені актриса көптеген жылдар бойы желіден бойын аулақ салып, оны қон көрмей жүрген.

 

Бірнеше сағаттың ішінде актрисаның алғашқы жарияланымына 3 миллионға жуық адам "лайық" белгісін басты. Ал оның ресми аккаунтына 5,2 миллион адам тіркелді.

The Guardian хабарлағандай, бір мезетте желі қолданушылардың бір парақшаға лап қоюы салдарынан платформа істен шыққан. Біраз уақытқа дейін актрисаның желіде жүктеген суреті қолжетімді болмады, бірақ кейіннен желінің қызметі қалпына келтірілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

And now we’re Instagram FRIENDS too. HI INSTAGRAM ????????

Публикация от Jennifer Aniston (@jenniferaniston) 15 Окт 2019 в 6:03 PDT

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!