Астана процесіне Еуроодақ өкілдері де үміт артып отыр

19:48, 20 қаңтар 2017

«Түпкі шешім қабылданбаса да, Қазақстан астанасындағы жиыннан кейін Таяу Шығыстағы текетірестің тоңы жібиді дегенге сенеміз», – дейді олар.

Еуропалық одақ 23-қаңтарда Астанада өтетін Сирияға қатысты келіссөздерге зор үмітпен қарайды. Келелі кеңеске Ресей, Түркия, Иран және Таяу Шығыстағы өзге де мүдделі тараптар қатысады деп жоспарланған. 

Кәрі Құрлық өкілдерінің айтуынша, елордада біраз мәселенің түйіні тарқап, бейбітшілікке жол ашылады. Әсіресе Сириядағы соғысты тоқтатуға бағытталған Женева келісімі тиімді жүзеге асуы тиіс. 

Федерика Могерини, ЕО Сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі

-Мүдделі тараптар бір келісімге келіп, нақты шешімдер шығаруы мүмкін. Астанадағы пікір алаңы арқылы қазіргі жағдайды жақсартуға мүмкіндік бар. 

Джордж Велла, Мальтаның сыртқы істер министрі

-Сириядағы атыс-шабысты тоқтату арқылы нақты шешім шығара аламыз. Бұл елдің болашағы Қазақстан астанасында өтетін жиыннан кейін белгілі болады.

Дидье Рейндерс, Бельгияның сыртқы істер министрі

-Сириядағы мәселені Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп реттеу керек. Астанадағы басқосу аяқталған соң Женева процестері жалғасатын болады. 

Еуроодақ өкілі Федерика Могерини: «Сирия жөніндегі келіссөздер көктемге қарай жалғасып, Брюссельде тағы бір келелі кеңес өтеді», – деп мәлімдеді. 

Сол арқылы тараптар бітімге келіп, қырғи-қабақ соғыс біржола тоқтатылмақ. 

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Жомарт Ахметов

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!