«Астана» командасының өкілі Әлемдік біріншілікте қол жүлде еншіледі

15:50, 23 қыркүйек 2021

© Сурет: instagram/matteo_sobrero

Бельгияда веложарыстан әлем біріншілігі әлі өз жалғастығын табуда, деп хабарлайды zakon.kz.

22 қыркүйекте велошабандоздар Нокке-Хейст- Брюгге қалаларының арасында 44,5 шақырым қашықтықта аралас командалық эстафетада (үш еркек және үш әйел) бақ сынап, медальға өзара таласты. Капитан Тони Мартин бастаған Германия құрамасы әлем чемпионы атанды. ІІ-орынды Нидерланды спортшылары иеленсе, ІІІ-орын итальяндықтарға бұйырды.

Италия құрамасының намысын Astana club велошабандозы Маттео Собреро қорғады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!