Археологтар Ыстықкөл түбінен ортағасырлық қаланы тапты
© Сурет: wikipedia
Қырғызстандағы Ыстықкөл көлінің түбінен археологтар ортағасырлық жоғалған қаланың іздерін тапты. Су астындағы зерттеу барысында суға батқан бірнеше метр тереңдікте мұсылмандар қорымы, қоғамдық ғимараттар мен көшелер анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Earth басылымының жазуынша, 2025 жылдың күзінде халықаралық зерттеушілер тобы көлдің солтүстік-батыс жағалауындағы төрт аумақты зерттеген. Олар 1–3 метр тереңдікте жұмыс жүргізген.
Сүңгуірлер құлаған қабырғалар, қираған ғимараттар мен ағаш бөренелердің орнын картаға түсіріп отырған. Ал суасты дрондары әр тасты түсіріп, кейін жағалауда зерттеу үшін материал жинаған.
Зерттеу жұмысын Ресей Ғылым академиясы Археология институтының суасты археологы Максим Меншиков басқарған. Оның зерттеулері Орталық Азиядағы су астында қалған ортағасырлық қоныстарды анықтауға және оларды цифрлық түрде құжаттауға бағытталған.
Бірінші аймақта сүңгуірлер күйдірілген кірпіштен жасалған қабырғаларды, диірмен тастарын және астық ұнтаған ірі ғимараттың қалдықтарын тапқан. Мұндай тас диірмендер әдетте арнайы ғимараттарда орналасатындықтан, бұл жерде бір уақытта көптеген адамды азық-түлікпен қамтамасыз еткен ірі орталық болғанын көрсетеді.
Декоративті кірпіштің бір бөлігі бұл ғимараттың қоғамдық нысан болғанын білдіреді. Ол мешіт, монша немесе медресе болуы мүмкін. Сонымен қатар күнге кептірілген балшықтан жасалған кірпіш қабырғаларының қалдықтары да сақталған.
Зерттеушілердің пікірінше, бұл аумақ кезінде Жібек жолының маңызды тармақтарының бойында орналасқан ірі қала немесе сауда орталығы болған.
Екінші зерттеу аймағында сүңгуірлер үлкен қорымды – некропольді анықтаған. Команда кемінде бір ер адам мен бір әйелдің сүйектерін зерттеу үшін алып шыққан.
Ғалымдардың болжамынша, шамамен 1400-жылдардың басында болған күшті жер сілкінісі бұл қонысты су астына батырып жіберген.
Бұған дейін Мальдив аралдарына қауіп төніп тұрғанын, алып айсбергтің ыдырауы алаңдатарлық болжамға себеп болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:52, 25 мамыр 2026
Анголада алтын кеніші опырылып, ондаған адам қаза тапты
-
14:25, 24 мамыр 2026
Пәкістанда теміржолда жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
-
13:58, 24 мамыр 2026
Еуропаның түкпір-түкпірінен келген қазақтар Париж төрінде бас қосты
-
12:30, 24 мамыр 2026
Трамп Иранмен «келісімге келіп қалғанын», Ормұз бұғазы ашылатынын мәлімдеді
-
10:41, 24 мамыр 2026
Францияда 79-шы Канн халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті





