АҚШ-та автотұрақ үшін болған атыста 12 жастағы қыз қаза тапты
© Сурет: magnific
АҚШ-тың Балтимор қаласында автотұрақ үшін болған даудың арты атысқа ұласып, 12 жастағы қыз қаза тапты. Оқиға 3 қазан, сенбі күні кешке Leon Day Park саябағында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sky News Балтимор полициясының мәліметіне сілтеме жасап хабарлағандай, қақтығысқа екі ер адамның автотұраққа қатысты дауы себеп болуы мүмкін.
Оқиға орнынан құқық қорғау қызметкерлері оқ жарақатын алған 12 жастағы қыз бен әйелді тапқан. Қыз кейін ауруханада көз жұмды. Тағы екі ер адам медициналық көмекке өздері жүгінген.
Полицияның болжамынша, ер адамдар бір-біріне оқ атқан, ал қыз атыс кезінде кездейсоқ оқ астында қалған. Полиция комиссары Ричард Уорлидің айтуынша, қыз атысушылардың тікелей нысанасы болмаған.
Тергеу жалғасып жатыр. Полиция оқиғаға куә болғандарды болған жағдай туралы ақпарат беруге шақырды.
Бұған дейін Ақтауда түнгі барда оқ атқаны үшін тұрғынның бес жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған. Сот ер адамды бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:22, 5 қазан 2026
Археологтар Троядағы әйгілі шайқастан кейін пайда болған жұмбақ базарды тапты
-
14:14, 5 қазан 2026
Германиядағы көл түбінен 10 500 жылдық ағаш құрылым табылды
-
12:04, 5 қазан 2026
Францияда жаппай наразылықтарға байланысты 500-ге жуық мектеп жабылады
-
11:53, 5 қазан 2026
АҚШ-та әйел өзінің екі ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
-
09:23, 5 қазан 2026
Flydubai ұшағын басып алу әрекетіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды





