«Адамзат геноцидті тікелей эфирден көруден бас тартуда». Грета Тунберг Стармерге үндеу жолдады
© Сурет: wikimedia
Эко-белсенді Грета Тунберг Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармерді Газа секторындағы геноцидті тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Кир Стармер өзінің "геноцидтің алдын алу үшін әрекет ету бойынша заңды міндетін" орындауы керек", - деді 2025 жылдың 7 қыркүйегінде Газаға жіберліген гуманитарлық көмек бортымен аттанған Грета Тунберг Guardian басылымына берген сұқбатында.
Швед белсендісі "халықаралық құқық бойынша әрекет етуге міндетті адамдардың айтарлықтай жетіспеушілігі сезілетінін мәлімдеп, үкіметтер апартеид режимін сақтаудың орнына геноцидтің алдын алу керек екенін баса атап өтті.
Сәрсенбіде депутаттар Израиль мемлекетінің басшысымен кездеспеуге шақырған Стармерге жолдаған жолдауында Тунберг:
"Біз оқиғаның екінші жағында тұрған, әскери қылмыстарды қолдайтын немесе жасайтын адамдарды сипаттау үшін қолданатын сөздерді біз Стармер сияқты адамдарға қатысты қолданамыз".
Оның айтуынша, бүкіл әлемдегі адамдар "оянып", Палестина халқымен не болып жатқанын көріп-біліп отыр, адамзат геноцидті тікелей эфирден көруден бас тартуда.
"Біз бүкіл әлем бойынша бейбіт тұрғындардың күш біріктіріп, белсенділік танытуының куәсі болып отырмыз, бірақ заңды түрде мұны істеуге міндетті адамдардың тапшылығы сезіледі. Бұл үкіметтер, биліктегі адамдар геноцидтің алдын алу және апартеид режимін қолдамау үшін әрекет етуге міндетті", - деді ол.
Тамыздың алғашқы екі аптасында бес жасқа дейінгі 7 мыңнан астам бала Газа секторындағы ЮНИСЕФ клиникаларында жіті тамақтанбаудан ем алуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:07, 2 сәуір 2026
Танымал демалыс аймағында «кокаин акуласы» байқалды
-
12:29, 2 сәуір 2026
Ұмыт қалған чемоданнан 137 караттық әйгілі гауһар табылды
-
12:12, 2 сәуір 2026
Грекия аралын қан-қызыл аспан жапты
-
12:08, 2 сәуір 2026
Эверест тауында гидтердің альпинистерді әдейі улағаны туралы мәлімет тарады
-
11:58, 2 сәуір 2026
Үндістанда өзін «құдаймын» деп таныстырған ер адамға қатысты ірі жанжал шықты





