Жақиянов әлемдік рейтингте өз орны бар екенін дәлелдеді – ESPN журналисі

20:35, 22 қазан 2017

ESPN журналисі Уилл Кент қазақстандық Жанат Жақияновты (27-2, 18 КО) пен жеңіл салмақта IBF және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған солтүстікирландиялық Райан Барнетт арасында өткен жекпе-жекке байланысты пікір білдірді. 

Жақиянов пен Барнетт арасындағы жекпе-жек қазанның 21-інен 22-сіне қараған түні Белфаст қаласында өтті. Белфаст қаласындағы SSE аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шыққан боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты. Кездесу аяқталысымен төрешілердің шығарған шешімі мынадай болды: 118-110 119-109 және 116-112.

«Бұл өте жоғары қарқында өткен жақын қашықтықтағы жекпе-жек болды. Жақиянов өзінің әлемдік деңгейде тек мықты қарсылас қана емес, сонымен қатар кез келген соққыға дайын боксшы екенін дәлелдеді. Ол бірнеше жойқын соққыны қабылдап, соған төтеп бере алды. Соған қарамастан Барнетт жеңіске лайық өнер көрсетті, ол жылдам қозғалды, таңғаларлық комбинациялар мен төзімділігін аңғартты. Ол өзін тағы бес раундқа шыдайтындай етіп көрсетті», – деді Кент. 

Жанат Жақиянов бұл айқаста WBA (Super) белбеуінен айырылып қалды, ол оны биыл ақпанда иеленген еді. Қазақстандық боксшы спорт мансабында 27 рет жеңіске жетіп (18 КО), екінші рет тізе бүкті, ал оның қарсыласы әлі жеңілген жоқ – 18 жеңіс (11 КО) , – деп хабарлайды Vesti.kz.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!