Виктория Графеева бокстан Астанадағы Әлем кубогында екінші жеңісіне қол жеткізді
© Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық Виктория Графеева бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақта Түркия елінің өкілі Гизем Озерға қарсы айқасты.
Бірінші және екінші раунд тең дәрежеде өткенмен, үшінші раундта Виктория қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберіп, жеңісті суырып алды.
Осылайша, ол жартылай финалға өтіп, Әлем кубогының қола медалін қамтамасыз етті.
Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін), сондай-ақ бір күн бұрын Надежда Рябец (75 келіге дейін) жартылай финалға өткен еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





