VI Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан қоржынына ауыр атлеттер 11 медаль салды
© Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы жалпы есепте 11 медальға қол жеткізді. Оның үшеуі - алтын, төртеуі - күміс және тағы төртеуі қола медаль, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті VI Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы ауыр атлеттер ойынының қорытындысын жариялады.
Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Сонымен алтын медальдар иегері:
Нұрғиса Әділетұлы (94 кг) — жұлқа көтеру, серпе көтеру және қоссайыс бойынша үш алтын.
Күміс медаль иегерлері:
- Едіге Емберді (79 кг) — серпе көтеруде күміс медаль,
- Любовь Ковальчук (+86 кг) — жұлқа көтеру, серпе көтеру және қоссайыс бойынша үш күміс.
Қола медаль алғандар:
- Едіге Емберді (79 кг) — жұлқа көтеру мен қоссайыста екі қола.
- Аянат Жұмағали (77 кг) — серпе көтеру мен қоссайыс бойынша екі қола.
Бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы 94 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруден әлем рекордшысы (182 келі) әрі биыл өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері ирандық Алиреза Моейнимен алтын үшін таласқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:53, 12 қаңтар 2026
Бублик Гонконгта өткен турнирдегі жеңісіне пікір білдірді
-
11:24, 12 қаңтар 2026
Ислам Чесноков Шотландия чемпионатындағы дебютін «Хартс» сапындағы жеңіспен бастады
-
17:38, 11 қаңтар 2026
Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы бойынша тыңдау қашан өтеді
-
13:15, 11 қаңтар 2026
Қазақстандық альпинист Анар Борашева әлемдегі ең биік жеті шыңды бағындырды
-
11:18, 11 қаңтар 2026
Александр Шевченко Аустралиядағы жарысты сәтті бастады





