Ұтыла берген «Барыс» Финляндияның екі дүркін чемпионын шақырып алды

08:14, 6 қараша 2019

"Барыс" хоккей клубы финляндиялық қорғаушы Атте Охтамаамен келісім шарт жасасқанын ресми жария етті. Ойыншы 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін біржақты келісімшартқа қолын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz "Барыс" ХК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атте Охтамаа – финнің даңқты хоккейшісі: оның еншісінде 2018 жылғы Гагарин Кубогіндегі жеңіс, 2019 жылғы Әлем чемпионатының алтыны бар. Ол аздай, Охтамаа әлем чемпионаттарында екі рет күміс медаль тағынған.

31 жастағы қорғаушы өткен маусымды финн лигасында "Кярпят" сапында өткізді. Биылғы маусымды Охтаама швейцариялық "Лугано" сапында бастаған.

КХЛ-де Атте "Йокерит" сапында 264 матч және "Ак Барста" 48 матч өткізді.

Анықтама:

Атте Охтамаа (Atte Ohtamaa)

Қорғаушы.

Туған күні мен жері: 1987 жыл 6 қараша, Нивала, Финляндия.

Бойы мен салмағы: 188 см, 92 келі.

Жетістіктері: Финляндияның екі дүркін чемпионы (2008, 2014), Гагарин Кубогының иегері (2018), әлем чемпионы (2019).

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!