УЕФА: «Астана» рейтингте «Спартак» пен «Ниццаның» алдында тұр

14:28, 21 қазан 2017

Елорданың «Астана» футбол клубы биылғы еурокубок маусымында 20,125 ұпай жинап, УЕФА-ның клубтар арасындағы рейтингінде 88-орынға жайғасты.

Осылайша Станимир Стойлов шәкірттері қазіргі уақытта бұл тізімде германиялық «Лейпциг», «Аусбург», ресейлік «Спартак» және франциялық «Ницца» секілді клубтардан жоғары тұр. Ал бұған дейін біздің клуб 99-орында тұр еді. 

Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі «Астананың» қазіргі қарсыластарының екеуі елордалық клубтан әлдеқайда жоғары тұр. Тарқатып айтсақ, испаниялық «Вильярреал» рейтингтің 22-сатысында (66,799 ұпай) тұрса, израильдік «Маккаби» 75-орынға (24,700 ұпай) жайғасқан. Ал прагалық «Спартак» болса 11,015 ұпаймен 140-орында келеді.

Еске салайық, Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші турында «Астана» өз алаңында «Маккабиді» қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңістен кейін біздің команда төрт ұпай жинап, А тобында үшінші орынға көтерілді. Келесі кездесуін «Астана» 2 қараша күні түзде Израильде «Маккаби» клубына қарсы өткізеді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!