Том Леффлер Головкин-Джейкобс жекпе-жегіне сатылған билеттердің құнын жария етті

23:25, 24 наурыз 2017

Промоутер Том Леффлер орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобстың арасында өткен жекпе-жекке неше билет сатылғанын және PPV сатылымының көрсеткішін айтты.

«Джейкобсқа қарсы жекпе-жектің PPV цифрінің нақты көлемін әлі алмадық. Алайда көрсеткіш 153 мыңнан көп болатынын білеміз», – дейді Леффлер.

Сонымен қатар промоутердің айтуына қарағанда Головкин-Джейкобс жекпе-жегіне сатылған билеттердің құны 3,7 миллион долларды құраған. Оның үстіне қос боксшының арасында өткен кездесу әлемнің 100-ден астам елінде көрсетілген. Бұл Головкинге қосымша миллион доллар сыйақы берді.

Айта кетейік, 19-шы наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешенінде орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобсты 12 раунд нәтижесінде ұпай санымен тізе бүктірді.

Vesti.kz          

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!