Таеквондодан жастар арасындағы ӘЧ-2025: Қазақстан спортшысы алтын медаль иеленді
© Сурет: Instagram/KTF
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан таеквондо федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ромашкин Хамзаальпер финалда канадалық Никола Самордичпен өте тартысты жекпе-жек өткізіп, соңында жеңіске қол жеткізді. Екі раунд бойы қарсы тарап аса басымдық танытумен болды, алайда үшінші раундта жерлесіміз есепті теңестіріп қана қоймай, тіпті үш ұпайға канадалықты артта қалдырды.
Финалға дейін Ромашкин Иордания, Иран, AIN (бейтарап ту астындағы команда) және Тайпейден келген спортшыларды жеңген болатын.
Биылғы әлем чемпионатына 80 елден 811 жасөспірім спортшы қатысып жатыр. Жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.
Бұған дейін Бекзат Алмахан UFC-де сенсация жасағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





