Рыбакина биыл алғаш рет финалға шықты
© Сурет: instagram/lenarybakina
23 мамыр күні Страсбургте WTA 500 турнирінің жартылай финалдық матчы өтті, онда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рыбакинаның қарсыласы – әлемнің 23-ракеткасы, Бразилиялық Беатрис Хаддад Майя болды. Қазақстандық теннисші кездесуде 7:6, 1:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Рыбакина үшінші сетте 0:2 есебімен ұтылып жатты, алайда кейін қатарынан алты гейм ұтып, жеңіске жетті.
Бұл Елена Рыбакина үшін осы маусымдағы алғашқы финал болмақ. Бұған дейінгі ең үздік нәтижесі – ақпандағы Дубай мен Абу-Даби турниріндегі жартылай финал еді. Финалға шыққаны үшін Қазақстанның бірінші ракеткасы 87 825 еуро жүлде мен 325 рейтингтік ұпай иеленді.
Финалда Рыбакина Даниэль Коллинз (АҚШ) – Людмила Самсонова (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





