«Ролан Гаррос-2025»: қазақстандық теннисшілердің алғашқы кезеңдегі қарсыластары кімдер

21:41, 22 мамыр 2025

© Сурет: ktf.kz

Франция ашық чемпионатының ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында негізгі кезеңге арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Жарыстың бірінші айналымында үш спортшымыз бақ сынайды, ал тағы бір теннисші іріктеу кезеңінен өтіп негізгі жарысқа жолдама алуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, жарыстың 12-ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымында швейцариялық, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы Белинда Бенчичпен кездеседі.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцеваға бұл турнирде 32-нөмірмен ойнайды. Оның қарсыласы іріктеу матчтары аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Ерлер арасындағы бәсекеде Александр Бублик турнирдің бірінші айналымында әлемнің 92-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен кездеседі.

Бұл жарыстың негізгі кезеңіне тағы бір қазақстандық – Александр Шевченко қосылуы мүмкін, бірақ ол үшін іріктеу кезеңінің финалында жеңіске жетуі қажет.

"Ролан Гаррос-2025" турнирінің негізгі кезең матчтары 25 мамырда басталып, 8 маусымға дейін жалғасады.

Еске салайық, бүгін, 22 мамырда Францияның Страсбург қаласында беделді WTA 500 әйелдер турнирінің ширек финалдық кездесулері өтті. Күннің алғашқы матчында қазақстандық Елена Рыбакина кортқа шығып, польшалық Магда Линетті жеңіп, жартылай турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!