Новак Джокович: Қазақстанды бағаламауға болмайды
© ҰОК
Айта кетейік, Қазақстан – Сербия матчы 21.00-де басталады.
"Үлкен дулыға" турнирлерінің 20 дүркін жеңімпазы, әлемнің үздік теннисшісі, серб Новак Джокович Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстанмен өтетін матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан мен Сербия құрамалары 1 желтоқсанда Австрияның Инсбрук қаласында кездеседі. Михаил Кукушкин кортқа бірінші болып шығады, ал оның қарсыласының есімі матч алдында белгілі болады. Серб жасағының капитаны Виктор Троицки алғашқы жүздіктен үш теннисшіні ерекше бөлектеп көрсете алады. Бұл Душан Лайович (33), Филип Краинович (42) және Миомир Кечманович (69) болуы мүмкін. Содан кейін алаңға екі команданың көшбасшылары - Александр Бублик пен Новак Джокович шығады.
Олар - өз тобында топ жарғандар. Арасында Бублик бар, ол жан-жақты әрі мықты ойыншы. Командада бұрыннан келе жатқан ардагер Кукушкинді де атай кету керек. Әлі есімде, онымен Сербияда Дэвис Кубогы үшін бес сағат бойы ойнағаным, өте мықты қарсылас. Екеуі күшті жұп, жете бағаланбай жүр. Сондықтан біз ширек финалға шығып алғанымызға қуаныштымыз. Новак Джокович
Өз кезегінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әр сәтті бағамдап, кезекті ойынға дайындалып жатыр.
Әлемнің бірінші ракеткасы болу үшін емес, Сербия командасымен арадағы ойын үшін дайындалып жатырмыз. Бірінші кезекте біз - командамыз, екі ұпай алуымыз керек. Оны кім алады, бұл аса маңызды емес. Бастысы, жеңіс. Александр Бублик
Айта кетейік, Қазақстан – Сербия матчы 21.00-де басталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:43, 27 шілде 2026
«UFC-ке оралмайды»: Шавкат Рахмоновтың дәрігері спортшының жағдайы туралы мәлімдеме жасады
-
11:18, 27 шілде 2026
Роналду ойнайтын Сауд Арабиялық клуб қаржылық дағдарысқа тап болды
-
09:34, 27 шілде 2026
«Қайрат» «Ордабасыны» жеңіп, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде қайтадан көш бастады
-
15:01, 26 шілде 2026
Тарихи медаль! Артем Матусевич U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
19:45, 25 шілде 2026
Үстел теннисі: Қазақстан WTT Youth Contender турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды





