NAIZA лигасы NAIZA 85 турнирінің кардтары мен негізгі мәліметтерін таныстырды
© Сурет: NAIZA FC
NAIZA 85 турнирінің кардында Жұман Жұмабеков, Азат Мақсұм, Артем Тарасов және қазақстандық ММА-ның басқа да танымал жұлдыздары өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеңіл салмақтағы титул үшін принципті реванш: Болат Заманбеков vs. Еламан Саясатов
Олардың NAIZA 83 турниріндегі алғашқы жекпе-жегінің даулы аяқталуы, нәтижесінде спортшының дисквалификациялануы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жанкүйерлерді екі жаққа бөлген еді. Ұйым бұл оқиғаны осымен қалдырмауды жөн көрді.
Болат Заманбеков октагонға өзінің толыққанды әрі сөзсіз чемпион екенін дәлелдеу үшін шығады. Ал Еламан Саясатов әділдікті қалпына келтіріп, чемпиондық белдікті ешқандай дау-дамайсыз жеңіп алуға бар күшін салмақ.
Бұл жай ғана чемпиондық белдік үшін жекпе-жек емес – тарихы терең, спортшылардың мотивациясы жоғары қарсыластық.
Жеңіл салмақтағы чемпиондық белдіктің алғашқы қорғалуы: Жансерік Жақсығұлұлы vs. Мири Садықов
Жансерік Жақсығұлұлы ауыр жекпе-жекте чемпиондық атақты жеңіп алған болатын. Енді оған басты сынақтан өтуге тура келеді – титулын лигаға жылдам еніп, №1 үміткер атанған қауіпті нокаутшы Мири Садықовтан қорғауы керек.
NAIZA 85 турнирінің кардында Жұман Жұмабеков, Азат Мақсұм, Артем Тарасов және қазақстандық ММА-ның басқа да жарқын жұлдыздары бар.
"Біз кардты көрермен бір сәтке де көз алмайтындай етіп жинақтап жатырмыз. Бұл кеш міндетті түрде тосынсыйларға толы болып, қазақстандық ММА тарихында қалатынына кепілдік береміз", – дейді ұйымдастырушылар.
17 қыркүйек – баспасөз конференциясы және Open Workout.
18 қыркүйек – Арбатта спортшылардың face-to-face кездесуі, яғни көзбе-көз дуэлі.
19 қыркүйек сағат 17:00-де қонақтарды Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:41, 11 қыркүйек 2026
US Open финалы: Рыбакинаға қанша сыйақы берілетіні белгілі болды
-
14:06, 11 қыркүйек 2026
«Барыс» құрамасының экс-қорғаушысы Жоғары хоккей лигасындағы алғашқы ұпайын жинады
-
13:27, 11 қыркүйек 2026
«Сабах» пен «Манчестер Юнайтед»: Чемпиондар лигасында кім жеңді
-
12:10, 11 қыркүйек 2026
Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті
-
10:14, 11 қыркүйек 2026
Соболенко US Open турнирінің алғашқы финалисі атанды





