«Барыс» құрамасының экс-қорғаушысы Жоғары хоккей лигасындағы алғашқы ұпайын жинады

14:06, 11 қыркүйек 2026
MKZ: 1566341

© Сурет: hcbarys.kz

ЖХЛ тұрақты чемпионатының сырт алаңдағы матчында "Калуга" тюмендік "Рубинді" 3:0 есебімен жеңді. "Калуга" сапындағы қазақстандық қорғаушы Тамирлан Гайтамиров нәтижелі пас беріп, ЖХЛ-дегі алғашқы ұпайын еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, 26 жастағы хоккейші "Барыс" клубынан кеткен.

Өткен маусымды ол елордалық клуб құрамында бастап, ҚХЛ тұрақты чемпионатында 17 матч өткізді және бір нәтижелі пас берген. Қаңтар айында Гайтамиров бас тарту драфтына қойылып, кейін "Номад" командасына ауысты.

Pro Hokei Ligasy тұрақты чемпионатында хоккейші 13 кездесуде 6 (3+3) ұпай жинады. Ал плей-оффтың 15 матчында төрт нәтижелі пас беріп, Қазақстан чемпионы атанды.

Бұған дейін "Барыс" ҚХЛ маусымындағы екінші матчында қарсыласын ірі есеппен жеңгені хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!