Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты
© Сурет: Instagram/kulambayevaa
Қазақстан әйелдер теннисіндегі үшінші ракетка Жібек Құламбаева соңғы аптада WTA 250 санатындағы жұптық жарыстарда жанкүйерлерді қуантарлық нәтиже көрсетіп жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдыңғы аптада алматылық теннисші мансабында алғаш рет Румынияның Яссы қаласында өткен WTA 250 турнирінің жұптық сынында финалға дейін жетті.
Сол жарыста ол армениялық серіктесі Алина Чараевамен бірге жартылай финалда турнирдің бірінші нөмірлі жұбын жеңіп кеткен еді.
Ал осы аптада Құламбаева Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан топырақ төсенішіндегі турнирде де сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Кеше ол жаңа жұптасқан латвиялық Дарья Семенистамен бірге жарыс қожайындары Тамара Корпач пен Нома Ноха Акугені 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Ал жарты сағат бұрын қазақстандық-латвиялық дуэт WTA 250 санатындағы Hamburg Ladies Open турнирінің жартылай финалына шығу жолында чехиялық Есика Малечкова мен Мириам Скочты 6:4, 7:5 есебімен ұтты.
Айта кетейік, қарсыластары әйелдер арасындағы жұптық сында фавориттердің бірі саналған. Себебі олар турнирде екінші нөмірлі жұп ретінде тіркелген еді.
Енді Жібек Құламбаева мен Дарья Семениста финал жолдамасы үшін словениялық Далила Юкупович пен Ника Радисич жұбымен кездеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:43, 27 шілде 2026
«UFC-ке оралмайды»: Шавкат Рахмоновтың дәрігері спортшының жағдайы туралы мәлімдеме жасады
-
11:18, 27 шілде 2026
Роналду ойнайтын Сауд Арабиялық клуб қаржылық дағдарысқа тап болды
-
09:34, 27 шілде 2026
«Қайрат» «Ордабасыны» жеңіп, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде қайтадан көш бастады
-
15:01, 26 шілде 2026
Тарихи медаль! Артем Матусевич U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
19:45, 25 шілде 2026
Үстел теннисі: Қазақстан WTT Youth Contender турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды





