Кирилл Герасименко үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды

18:38, 20 мамыр 2025

© Сурет: olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/16 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жапониялық Хирото Шинозукамен кездескен болатын. Тартысты бәсеке 4:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

1/16 финалда Герасименко Тунис спортшысы Вассим Эссид пен бразилиялық Уго Кальдерано арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!