Қазақстандық жұп батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының финалына шықты
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан батуттағы гимнастикадан Арозада (Швейцария) өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдер арасында синхронды секіру бағдарламасында Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева ақтық сынға жолдама алды.
Сондай-ақ Ерлан Тасмағамбетов жекелей сайыстың алғашқы іріктеуінде сәтті өнер көрсетіп, екінші кезеңге өтті.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы финал ертең, 28 маусымда өтеді.
Бұған дейін Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:12, 29 маусым 2026
Оңтүстік Корея құрамасының ӘЧ-2026-дан шығып қалуы: Бас бапкер қызметінен кетті
-
11:40, 28 маусым 2026
Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды
-
09:37, 28 маусым 2026
Қазақстан академиялық ескек есуден Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды
-
09:19, 28 маусым 2026
Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды
-
12:30, 27 маусым 2026
Футболдан ӘЧ-2026: Кабо-Верденің келесі қарсыласы Аргентина құрамасы болды





