Қазақстан ормандарында үш бірдей өрт тіркелді

12:41, 28 маусым 2026

© Фото: zakon.kz

2026 жылғы 27 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді. Өрттердің бірі Қарағанды облысында, ал екеуі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық өрт ошақтары орман күзеті қызметкерлері тарапынан дер кезінде анықталып, тиісті бөлімшелермен бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде жедел сөндірілді. Соның арқасында жалынның кең аумаққа таралуына жол берілмеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болған. Соның салдарынан орман алқаптарындағы құрғақ өсімдіктер тұтанған.

Орман шаруашылығы қызметтері өрт қаупі жоғары кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырып, азаматтарды еліміздің табиғи байлығына ұқыпты қарауға үндеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!