Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореядағы турнирде алты жүлде жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Санджу қаласында (Оңтүстік Корея) күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Эльмира Сыздықова жарысты алтынмен аяқтады. Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Грек-рим күресінде Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде жеңіліс тапты. Нәижесінде күміс медаль иеленді.
Үшінші орынды Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта), және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) иеленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:38, 27 қараша 2024
UFC Шавкат Рахмоновты аралас жекпе жек әлеміндегі құбылыс деп атады
-
10:03, 27 қараша 2024
Қазақстандық теннисші еуропалық турнирдің алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліп қалды
-
21:43, 26 қараша 2024
Виктор Друзин World Aquatics нұсқасы бойынша «Жыл спортшысы» атағына үміткер
-
21:03, 26 қараша 2024
Қазақстандық спортшылар бадминтоннан Бахрейнде өткен турнирде жеңіске жетті
-
17:40, 26 қараша 2024
Кирилл Герасименко үстел теннисінен өтетін Вальднер кубогында Азия құрамасының атынан өнер көрсетеді