Қазақстан құрамасы жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионатын салтанатпен аяқтады
© Сурет: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ
Ташкентте суға жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионаты – өңірдің ең мықты жүзушілерінің басын қосқан бес күндік спорттық шара аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы чемпионаттың абсолютті көшбасшысы болды. Команда берілетін 158 медальдің 117-сін, соның ішінде 74 алтын медальді қанжығалады. Турнирдің орта кезеніңде-ақ қазақстандықтар көшбасшылықты күшейте отырып, 60-қа жуық медальді олжалады.
Сурет: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ
Қазақстан құрамасынан 30 спортшы шықты, олар жеке жүзу және эстафетада жоғары дайындығын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша олар 32 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды
Сурет: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ
"Біздің команда үш жас санатында өнер көрсетіп, 74 алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстандағы суда жүзу спортының жоғары деңгейінің айғағы", – деп атап өтті Атырау облысының аға жаттықтырушысы Иван Галкин.
Жарыс бағдарламасына 50, 100, 200 және 400 метр қашықтықта еркін жүзу, арқамен, баттерфляймен және брасспен жеке жүзу, сондай-ақ кешенді жүзу кірді. Сонымен қатар аралас және классикалық 4×100 метрлік эстафеталар өтті.
Сурет: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ
Қазақстан Республикасы Су спорты түрлерi федерациясының бас серіктесi – "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктестері – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Sport Qory" спортты қолдау қоры.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





