Қазақ боксшысы Ислам ойындарында алтын алды
Қазақ боксшысы Азат Махметов Әзірбайжан елінің астанасы Бакуде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында алтын алды. Отандасымыз финалда Марокко елінің боксшысы Абделали Дарааны ұтты.
52 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Азат финалда қарсыласынан айқын басы түсті. Төрешілер 4:1 есебімен қазақ боксшысын жеңімпаз таныды. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды.
Айта кетейік, осыған дейін бокстан Сұлтан Зауырбек (60 келі), Қуан Қуатов (64 келі) пен Илья Очкин (69 келі) қола жүлдегер атанған еді. Ал алдағы уақытта Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) финалдағы жекпе-жегін өткізеді. Ол Рио Олимпиадасында Жәнібек Әлімханұлын жеңген Камран Шахсуварулымен жекпе-жекке шығады.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды