Какау футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне оралды
© Сурет: Instagram/kff_team
16 қаңтарда Рикардо Камара Собрал (Какау) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 54 жастағы маман отандық футзал жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өйткені ол бұған дейін 2013-2018 жылдар аралығында футзалдан Қазақстан құрамасын баптаған.
Ұлттық құрама оның жетекшілігімен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алып, тарихи жетістікке жеткен.
Какау клубтық деңгейде алматылық "Қайратта" жұмыс істеді: 2013 және 2015 жылдары футзалдан УЕФА Кубогын иеленді. Одан бөлек, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын бірнеше мәрте жеңіп алды.
Кейін Какау Италияның "Наполи", Румынияның "Юнайтед Галати", Кувейт, Ирак және Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларын жаттықтырды.
Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Ертуған Зейнуллинов ұзақ үзілістен кейін өзбекстандық Асадхужа Муйдинхожаевқа қарсы өткізген жекпе-жегіне қатысты білдірген пікірін жариялаған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:44, 22 ақпан 2026
Нариман Құрбанов Германияда қола медаль иеленді
-
09:56, 22 ақпан 2026
ҚПЛ-2026: «Қайрат» ФК Алматыда қатарынан үш матч өткізеді
-
09:32, 22 ақпан 2026
Джеки Чан, Головкин және Шайдоров Миланда кездесті
-
17:11, 21 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
-
16:41, 21 ақпан 2026
Қазақстандық үш гимнаст Германиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты





