Ғұсман Қырғызбаев: Финалда сәттілік жетіспеді
© Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ғұсман Қырғызбаев Астанада өтіп жатқан Grand Slam турниріндегі өнерін бағалап, жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Финалда сәттілік жетіспеді. Оның үстіне Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысым болғандықтан қиындықтар болды. Алайда қолымнан келгенше күрестім.
Қарсыластарымның дайындығы өте жоғары деңгейде. Бірақ мен үшін ең қиын қарсылас оңтүстіккореялық спортшы болды.
Алдағы жарыстарға 85 пайыз дайынмын деп айта аламын. Алда Испанияда оқу-жаттығу жиыны өтеді. Сол жаққа барып жаттығуымызды жалғастырамыз. Бұл жарыс мен үшін әлем чемпионатының алдындағы сынақ ретінде өтті. Басты мақсат - әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алу", - деді спортшы.
Еске салайық, кеше, 9 мамырда Қазақстан құрамасының спортшысы Ғұсман Қырғызбаев Астанада өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды.
Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ғұсман Қырғызбаев финалда ресейлік Рамазан Абдуллаевқа есе жіберді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 наурыз 2026
Қазақстандық сегіз боксшы Futures Cup турнирінің финалына өтті
-
00:00, 14 наурыз 2026
Анна Данилина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің финалында ойнайды
-
17:27, 13 наурыз 2026
2026 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы алтын иеленді
-
21:57, 12 наурыз 2026
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында бақ сынайды
-
19:00, 12 наурыз 2026
Биатлоннан әлем кубогының кезеңі: спринтте кімдер бақ сынайды





