Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері тағайындалды
© Сурет: Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстандық маман Василий Смолин футзалдан Қазақстан 19 жасқа дейінгі спортшылар құрамасының аға бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандық футзалда мол тәжірибеге ие 35 жастағы бапкердің еңбек жолының негізгі бөлігі "Аят" (Рудный) клубымен тығыз байланысты. Оның жетекшілігімен команда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасына шығып, Қазақстан чемпионатында күміс және қола жүлдесін жеңіп алған.
Сондай-ақ ол ұзақ жылдар бойы "Аяттың" балалар мен жасөспірімдер командаларымен жүйелі түрде жұмыс істеп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оның шәкірттері U-15, U-17 және U-19 жас санаттарында ел чемпионы атанды. 2017 жылы U-19 командасы бірінші орын алса, 2018 жылы U-12 құрамасы ел чемпионы болды. Ал 2019 және 2020 жылдары U-13 пен U-14 жас санаттары күміс жүлдеге қол жеткізіп, 2022 жылы осы нәтижені U-15 командасы қайталады.
Айта кетейік, 2025 жылы Василий Смолин футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында да қызмет атқарған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:08, 13 қыркүйек 2026
Тоқаев Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
-
03:39, 13 қыркүйек 2026
Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!
-
15:52, 12 қыркүйек 2026
Ахмади Маханов Астанадағы J300 турнирінің чемпионы атанды
-
12:44, 12 қыркүйек 2026
2026 жылғы Азия ойындарындағы гимнастика: ұлттық құраманың тізімі
-
12:12, 12 қыркүйек 2026
Каратэден Азия ойындарында ел намысын кімдер қорғайды





